Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
ВАШИНГТОН. KAZINFORM - Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай мен газды игеру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға Chevron корпорациясының қосқан үлесіне жоғары берді.

Сондай-ақ Қазақстан тарапының шикізатты өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.
Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды.