Қазақстан Президенті Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесті

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Германия экономикасы шығыс комитетінің осы үдерістегі рөлі талқыланды.

Мемлекет басшысы Э.Кордеске Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытуға белсене қатысқаны үшін алғысын айтып, бірлескен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Э.Кордес Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар дамуы серпінді сипатта екенін атап өтті, сондай-ақVI Астана экономикалық форумы аясындағы жемісті пікір алмасуларға қанағаттанушылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар