Қазақстан Президенті Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының Саммитіне қатысу үшін Бакуге келді

БАКУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының ІІІ Саммитінің жалпы отырысына қатысу үшін Бакуге келді.

Қазақстан Президенті  Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының  Саммитіне қатысу үшін Бакуге келді

Осы сапарда Елбасымен бірге Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Болат Қырғызбаев, ҚР Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов барды.