Қазақстан-Ресей арасында қай салаларда сауда айналымын арттыру жоспарланып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Былтыр қос мемлекет арасындағы сауда айналымының көлемі 27 млрд доллардан асқан. Ендігі мақсат – бұл көрсеткішті 30 млрд долларға жеткізу. Бұл жөнінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

а
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Екіжақты үкіметаралық келіссөзден кейін журналистерге сұхбат берген ол нақты басымдық берілетін секторларды атап өтті.

ы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Энергетика, сауда, транспорт, логистика т.б. салаларда ынтымақтастықты дамыту мәселесі үкіметаралық комиссия шеңберінде талқыланды. Сонымен қатар ертең Шымкентте ЕАЭО үкіметаралық кездесуі басталады. Бұл жолы Digital Kazakhstan іс-шарасы өтпек. Сол жөнінде ақпарат ұсындық. Бұдан бөлек биыл Омбы қаласында өтетін өңіраралық серіктестік форумы жайында сөз қозғалды, – деді А.Шаққалиев.

Айта кетейік бұған дейін Қазақстан-Ресей арасындағы сауда айналымы 30 миллиард долларға жуықтағанын жазғанбыз.