Қазақстан, Ресей және Белоруссия президенттерінің кездесуі ТМД мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында өтеді

МИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан, Ресей және Белоруссия президенттерінің кездесуі ТМД мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында өтеді.
None
None

Бұл туралы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына келген Премьер-Министрлер мен олардың орынбасарларымен кездесуі барысында Белоруссия Президенті Александр Лукашенко мәлім етті.

«2014 жылдың қарсаңында Минскіде ТМД мемлекет басшыларының саммиті өтеді. Оған дайындықты бастап кеттік. Кеше, бұл шараға бір күн қалғанда Еуразиялық экономикалық одақтың саммитін өткіземіз деп келістік. Біраз мәселелер бар. Соны шешу үшін бір күн бұрын бас қоспақ ойымыз бар», - деді Александр Лукашенко.

Бүгін Минскіде Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясникович төрағалық ететін ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді деп күтілуде. Отырысқа ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация қатысады.

Соңғы жаңалықтар