16:46, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан Ресейден С-300 зениттік-зымыран кешенінің 10 дивизионын алуды жоспарлап отыр
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы Қазақстан Ресейден С-300 зениттік-зымыран кешенінің 10 дивизионын алады. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінің алдында өткен брифингте ҚР Қарулы Күштерінің қару-жарақ және әскери техниканы пайдалану бас басқармасының бастығы Аманжол Оспанов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз С-300-дің он дивизионын алуды жоспарлап отырмыз. Әр дивизионда 4 қондырғы мен қосымша жабдықтар бар», - деді ол.
А. Оспановтың сөзіне қарағанда, С-400 дивизионы қымбат болғандықтан, қазіргі күні оны сатып алу-алмау мәселесі қарастырылып жатыр.