Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев пен Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рокас Бернотастың кездесуі болды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рокас Бернотаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу басында министр Б. Камалиев 5-7 қазанда Литва Республикасының Президенті Дали Грибаускайтенің Қазақстан Республикасына сапары жоспарланғанын атап өтті. Ресми делегацияның құрамында көлік және коммуникация министрі Элигиюс Масюлис те болады. Министр аталған сапар екі мемлекет арасындағы жемісті және өзара тиімді әріптестіктің дамуына жаңа жағымды серпін беретініне сенімін білдірді.

Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев Елшіні көлік саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың жағдайы туралы қысқаша ақпаратпен таныстырды. Атап айтқанда, темір жол көлігі саласында екі мемлекет арасындағы жүк тасымалдау көлемі тұрақты және жоспарлы ұлғаюда. 2010 жылы (394 мың тонна) тасымалдау көлемі 2009 жылға (313 мың тонна) қарағанда 25 % артты. Жүк тасымалдау көлемінің негізі тараптардың икемді тарифтік саясат жүргізуі болып табылады.

Клайпеда - Алматы және одан әрі Достық станциясына дейін Қытайға мамандандырылған контейнерлік пойызын жіберу 2011 жылғы 5 қыркүйекте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-литвалық үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысында талқыланды. Осы отырыс шеңберінде тараптар осы мәселені қарау жөнінде Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте қазақстандық Жұмыс тобының жиналысы өтті. Жиналыс барысында аталған пойыздың іске қосылуының технологиялық мүмкіндіктері мен экономикалық қажеттілігі мәселелері қаралды. Аталған мәселе бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін Жұмыс тобының құрамы туралы литвалық тараптан ақпарат күтілуде. Жұмыс топтарының мақсаты жақын арада Меморандум жобасын дайындау болып табылады.

Азаматтық авиация саласында қол қойылған келісім негізінде авиа қатынасын ашу туралы құқықтық негіз бар.

Автомобиль көлігі саласында тараптар халықаралық жүк авто тасымалдауларын жүзеге асыруда, жыл сайын рұқсат беру бланктерімен алмасу жүргізілуде.

Құқықтық-келісу базасына қатысты Автокөлік туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы Хаттама жобасы келісу кезеңінде тұр.

Көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев литвалық тарапты 2011 жылғы 10-11 қарашада Астана қаласында өтетін «ТРАНСЕВРАЗИЯ - 2011» халықаралық конференциясының жұмысына қатысуға шақырды.

Елші Рокас Бернатос өз кезегінде Литва Республикасының Президенті Дали Грибаускайтенің Қазақстан Республикасына сапарына белсенді дайындық жүргізіліп жатқандығын айтты. Литва Еуразиялық зонаның көліктік дәліздерінің қиылысында орналасқан. Сондықтан Литваның ЖІӨ 60 пайызын көлік және логистика құрайды. Клайпеда қатпайтын теңіз портының маңыздылығы ерекше. Литва Алматы - Клайпеда маршруты бойынша контейнерлік жүк тасымалдау жөніндегі темір жол қатынасын ашуға мүдделі. Литваның бос әуе тасымалдаушысының орнын қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясы иеленуіне болады.

Қорытындылай келе, министр Берік Камалиев ҚР көлік және коммуникация министрлігі көлік саласында екі мемлекет арасындағы қатынастардың тереңдеуіне мүдделі екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар