Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, бүгін Невшехир бульварларының біріне «Қазақстан» аты берілді

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Түркия Республикасына ресми сапары аясында Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Невшехир провинциясында болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
None
None

Қ.Мәми Невшехир провинциясының губернаторы А.Савашпен кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері туралы пікір алмасты.

«Қазақстан мен Түркияны тарихи-мәдени терең тамырластық байланыстырады»,-деді Қ.Мәми.

Невшехир қаласындағы көшелердің біріне Президент Н.Назарбаевтың есімі берілген болатын, ал Алматы көшелерінің бірі Түркияның бұрынғы Президенті Т.Озалдың атымен аталады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, бүгін Невшехир бульварларының біріне «Қазақстан» аты берілді.

Қ.Мәми атап өткендей, «туристік бизнесті дамыту тәжірибесіне қазақстандық тарап назар аударып отыр, осы сала бойынша Невшехир провинциясымен Қазақстан қалаларының бірі ынтымақтастық орнатқаны пайдалы болар еді».

Төрағаның айтуынша, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды дамыту екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бағыты болып табылады.

«Қазақстан мен Түркияда бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға, түркі ықпалдастығын одан әрі дамытуға арналған бірлескен жобалар табысты іске асып келеді»,-деді Қ.Мәми.

Соңғы жаңалықтар