Қазақстан Республикасының Елшісі Австрия Президентіне сенім грамотасын тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Кеше Венада «Хофбург» Сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Қазыханов Австрияның Федералдық Президенті Хайнц Фишерге сенім грамотасын тапсырды.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.Қазақстан Елшсі Мемлекет басшысының атынан Х.Фишерді Австрия Республикасының БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2009-2010 жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы елімізге ресми сапармен келуге шақыруын жеткізді.Тапсыру рәсімі барысында қазақстан-австрия қатынастарының жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасылды.
Соңғы жаңалықтар