14:59, 23 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасында өткен Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Семсерлесуден Үндістанда өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді.

ҚР ҚОК мәліметінше, отандастарымыз екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді.
Сондай-ақ Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.
Айта кетейік, 16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді.
Қазақстандық әскери қызметшілер әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады.
«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы алғаш рет үздік үштікке ілікті.