Қазақстан сейсмологтері Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА .KAZINFORM - Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ, деп хабарлады Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.

Жаңа Зеландияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

ТЖМ Сейсмикалық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 24 маусымда Астана уақытымен сағат 11:36-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 39.161 с.е. 71.612 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанда – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 632 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, ТЖМ «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Ресей Федерациясы аумағында болған жер сілкінісін тіркеді.

 

Соңғы жаңалықтар