Қазақстан шекарасына жақын жерде 4,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ядролық физика орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.  

зілзала
Фото: Анадолы

Жер сілкінісінің эпицентрі 42,63° солтүстік ендік пен 81,32° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Магнитудасы – 4,0, энергетикалық класы – 9.

Еске сала кетейік, 23 қазан күні Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту хабарламасы түскен болатын.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялар желісі 23 қазан күні, Астана уақытымен 12:20-да жер сілкінісін тіркеген. Эпицентр Қырғызстан аумағында орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеген.

Соңғы жаңалықтар