Қазақстан шекарасынан 200 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 11 қарашада сағат шамамен 22:32-де Өзбекстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, эпицентрі Наманған облысының Қасансай ауданында болған зілзаланың тереңдігі 16 шақырым. Ондағы жер асты дүмпуінің күші 4 балға жетсе, ошақтан 20-30 шақырым қашықтықта екпіні 2-3 балл аралығында сезілді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнебақылау камераларының жазбаларынан жер сілкінісінің айтарлықтай күшті болғаны байқалады.
Нақтылай кетсек, Өзбекстанның Наманған облысы Қазақстанның Шымкент қаласы мен Жамбыл облысынан 200-220 шақырым қашықтықта орналасқан.
Еске салайық, биыл қазан айында Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілген еді.
Сондай-ақ, 2026 жылы Өзбекстан жер сілкінісін жасанды интеллект арқылы болжауға кіріседі.