Қазақстан ШЫҰ-ға қатысушы-елдерді халықаралық автотасымалдаулар туралы келісімге қол қоюға шақырады - ҚР Премьері

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан ШЫҰ қызметінің барлық бағыттары бойынша екі-үш басымдықты жобаны анықтап, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға жұмылуды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

ҚР Министрлер кабинетінің басшысы атап өткендей, Қазақстан ШЫҰ аясындағы экономикалық жобалардың қаржылық қамтамасыз етілуі тетіктерін құру және іске асыру қағидаттарын келісуді тездетуге мүдделі.

«Бұл ШЫҰ-ның арнайы шоты мен даму банкін құру. Бұл тетіктерді іске қосу экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді», - деді С. Ахметов. 

ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі ретінде транзиттік-көліктік әлеуетті іске асыруды атады. Оның сөзіне қарағанда, бұл өзара айналымды арттыруға, ұйымға мүше-елдердің нарығын біріктіруге, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік жүк ағынын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар