Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан соккадан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Венгрияны пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Казахстан обыграл Венгрию и вышел в четвертьфинал ЧМ-2026 по сокке
Фото: Sports.kz

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Диас Үсенов соқты.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстандық футболшылар мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, 2:0 есебімен басым түсті.

– Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Пенальти сериясында Қазақстан құрамасы қарсыласынан мықты болып, келесі кезеңге жолдама алды, – делінген ақпаратта.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде үш кездесудің барлығында ірі есеппен жеңіске жеткен. Алдымен Ирак құрамасын 13:1 есебімен ұтса, кейін Түркияны 8:1, Бельгияны 5:1 есебімен жеңді.

Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан топтық кезеңдегі турнирдің ең нәтижелі құрамаларының біріне айналды.

Қазақстанның ширек финалдағы қарсыласы 1/8 финалдың қалған кездеселері аяқталғаннан кейін анықталады.

Socca World Cup 2026 турнирі Германияның Эссен қаласында 28 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Әлем чемпионатына 48 құрама қатысуда.

Айта кетейік, қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатының ширек финалына шыға алмады.