Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатының ширек финалына шыға алмады
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстандық спортшылар 1/8 финалдық кезеңде өнер көрсетті. Ерлер арасындағы жарыста бұл кезеңге Қазақстанның екі жұбы шықты.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Австралия өкілдері Томас Ходжес пен Бен Худқа қарсы ойнады. Қазақстандықтар 0:2 (10:21, 11:21) есебімен жеңілді.
Сергей Богату мен Кирилл Гурин Катардың Шериф Юнус/Ахмед Тиджан жұбымен кездесті. Қазақстандық дуэт те келесі кезеңге өте алмады — 0:2 (12:21, 13:21).
Әйелдер арасындағы турнирде Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет 1/8 финалда Қытай өкілдері Янь Сюй мен Ся Синьиға қарсы ойнады. Кездесу қытайлық жұптың 2:0 (21:13, 21:9) есебімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстанның үш жұбы да Азия чемпионатының ширек финалына шыға алмады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан таеквондодан халықаралық Гран-при кезеңінде бақ сынайтынын жазғанбыз.