Қазақстан таеквондодан халықаралық Гран-при кезеңінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — 5 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында әлемдік Гран-при кезеңі басталады.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын алты спортшы қорғайды.
Ерлер арасында Дамир Шуленов пен Ергеш Бекасыл жүлдеге таласса, әйелдер арасында Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Мария Севостьянова және Нұрай Хусаинова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 7 қыркүйекте аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық триатлон федерациясы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындарына қатысушылардың тізімін жариялады.