Қазақстан спортшылары 4–10 мамырда қандай жарыстарда бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — 4-10 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
5-10 мамыр — садақ атудан Әлем кубогінің 2-кезеңі
Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қаласы (Қытай)
8-10 мамыр — дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысы
Ел намысын 53 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Астана қаласы
8-10 мамыр — байдарка және каноэде ескек есуден Әлем кубогі
Жарыста 12 спортшымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сегед қаласы (Мажарстан)
8-10 мамыр — семсерлесуден (шпага, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі
Ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Медельин қаласы (Колумбия)
8-10 мамыр — спорттық құзға өрмелеуден (жылдамдық, күрделі) халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Сучжоу қаласы (Қытай)
8 мамыр — жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс
Жарыста 2 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Подебрады қаласы (Чехия)