Қазақстан стенд атудан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА.KAZINFORM – Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Отандастарымыз «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар «трап» дисциплинасында қазақстандық мергендер жекелей сында да табысты өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.
Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды.
Олимпиада алдындағы соңғы әлем кубогі кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды.