Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медальға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды.

Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медальға ие болды
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.

Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.

Айта кетелік Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталған еді