Қазақстан тарихшылары Түркия қазақтарымен кездесті

Осыған орай, Қазақ мәдени қауымдастығында «Ұлттық тарихты жаңаша зерделеу» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Мимар Синан университетінің профессоры Абдулуақаб Қара, танымал археолог-ғалым Зейнолла Самашев пен Талас Омарбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Түркология және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы мен тарихшы Ибрахим Қалқан қатысты. Басқосуда ғалымдар қазақ тарихына қатысты соңғы ғылыми жаңалықтармен бөлісіп, көпшілікті тың деректермен тәнті етті. Көне түркілердің Х ғасырға дейінгі бет-бейнесі жайлы баяндама жасаған Қаржаубай Сартқожаұлы жергілікті қазақтарға елден жырақта жүрсек те, ұлттық тарихқа үлес қосуға болатындығын айтып, атажұртқа Моңғолиядан келгенін мысал етті.