Қазақстан татами шеберлеріне Олимпиада ойындарының ұпайлары үлестірілетін тоғыз бәсекенің бірі Алматыда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы мамыр айының 13-15 күндері аралығында Алматы қаласында Дзюдо күресінен халықаралық «Гран-При» турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан татами шеберлеріне Олимпиада ойындарының ұпайлары үлестірілетін тоғыз бәсекенің бірі Алматыда өтеді

Алатау бөктерінде өтетін бұл доданың басты ерекшелігі - дзюдошылар үшін Рио-де Жанейро Олимпиадасының алдындағы қажетті ұпайларын қоржынға басатын маңызды жарыстардың бірі.

Кеше бұл байрақты бәсекені өткізуге негізделген жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Жарасбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырысында нақты жоспар бекітіліп, жауапты тұлғалар белгіленді.

Қазір Олимпиада ойындарына жолдама берілетін жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы қызу дайындық үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан дзюдошылары осыған дейін Олимпиада ойындарында тек бір ғана медаль (күміс) алды. Оны 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Асхат Житкеев қоржынымызға салған болатын. Лондонда дзюдошыларымыздың бағы жанбады. Енді Рио Олимпиадасына үмітпен қараймыз.

Қазақстан дзюдо федерациясы ресми сайты еліміздің дзюдошылары Олимпиада ойындарына дейін тоғыз жарыста бақтарын сынайтынын жазды. Олар:

«Grand Slam» (Париж, 6-7 ақпан),

«Grand Prix» (Дюссельдорф, 19-21 ақпан)

«European Open» (Прага, 27-28 ақпан)

«Grand Prix» (Тбилиси, 25-27 наурыз)

«Grand Prix» (Самсун, 1-3 сәуір)

Азия чемпионаты (Ташкент,15-17 сәуір)

«Grand Slam» (Баку, 6-8 мамыр)

«Grand Prix» (Алматы, 13-15 мамыр)

«Masters» (Гвадалахара, 27-29 мамыр)

Бұл турнирлердің ішінде ең көп ұпай берілетіні - Masters және Grand Slam турнирлері. Демек, алда әлі нағыз бәсеке күтіп тұр.

Дзюдода төмендегідей ретте ұпайлар үлестіріледі (мәлімет халықаралық дзюдо федерациясының сайтынан алынды).

Жарыс

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

Олимпиада ойындары

1000

600

400

Әлем чемпионаты

900

540

360

«Мастерс»

700

420

280

«Grand Prix»

300

180

120

Continental Open

100

60

40

Құрлықтық чемпионат

400

240

160

«Grand Slam»

500

300

200

Күнсұлтан Отарбай