Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: суретшінің көзімен (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайда суретші, сәулетші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Тамара Волкованың «Менің өмірім - Қазақстан» сурет көрмесі өтті.
None
None

Экспозиция Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Мерейтойлық көрмеде Алматы тұрғындары суретшінің әр кездері жазылған 60-тан астам картинасын тамашалады.

«Менің бар өмірім Қазақстанда өтті. 5 жасымнан бастап тұрамын. Мәскеуде, Ярославльде тұрғанда да Қазақстанға кеткім кеп тұратын. Үнемі осы елге бүйрегім бұрып тұратын. Мен үшін мында бәрі қымбат. Қазақстанның мәдениеті мен тарихын зерттеу өте қызық», - деді көрме авторы.

Тамара Волкова Алматы мен Өскемен қалаларының негізгі тірек жобасының авторы. Оның жобасы бойынша Ярославльде ірі ғимараттар салынды.
null nullnull null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар