17:29, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан Тәжікстанға 12 млн. АҚШ доллары сомасында ресми ізгілік көмек жібереді
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тәжікстанда қалыптасып отырған экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы Тәжікстан Республикасына 12 млн. АҚШ доллары сомасында ресми ізгілік көмек жібереді.
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Қазақстан Тәжікстанға жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрайтын ресми ізгілік көмек жіберетін болады. Достас Тәжікстан Республикасына Қазақстаннан 12,5 мың тонна азық-түліктік бидай, 9,5 мың тонна дизель отыны және 29 мың тонна отындық мазут беріледі», деді Е. Ашықбаев.