Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді - Мәжіліс

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді - Мәжіліс

Аталған келісімге 2010 жылдың 15 сәуірінде Душанбеде қол қойылған. Құжатқа сәйкес Қазақстан Тәжікстанға патрондар, қол гранаталары, қару майы секілді әскери құралдарды өтеусіз беру бойынша әскери-техникалық көмек көрсетеді. Мұндай әскери мүлікті Қазақстаннан Душанбе қаласына дейін жеткізіп беруді Қазақстанның Қарулы Күштерінің әуе кемесімен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, келісімге сәйкес Тәжікстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бере алмайды.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.