13:14, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
«Қазақстан» телеарнасы «Жаңа Қазақстан» теледебатын өткізеді - V Астана экономикалық форумы
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - V Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстан» телеарнасы «Жаңа Қазақстан» теледебатын ашады.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында форум ұйымдастырушыларының бірі - «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы атқарушы органының төрағасы Мұрат Қарымсақов мәлім етті.
«22-25 мамыр күндері Астанада өтетін V Экономикалық форумы аясында «Қазақстан» телеарнасы жаңа жобаны қолға алмақ. «Жаңа Қазақстан» деп аталатын теледебатқа қатысатын әлемнің белді саясаткерлері, сарапшылар мен бизнес саласының өкілдері экономиканың бүгінгі жағдайын талқылап, оны қайта құру мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын жасайтын болады», - дейді М.Қарымсақов.
CNN телеарнасы да арнайы теледебаттарды түсіретін болады. Оған осы арнаның танымал журналисі Нина Дос Сантос жетекшілік етпек.