Қазақстан-Түркия бизнес форумында 400 миллион АҚШ доллары көлемінде екіжақты бизнес құжаттарға қол қойылады

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан-Түркия бизнес форумында 400 миллион АҚШ доллары көлемінде екіжақты бизнес құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі өтіп жатқан бизнес форум аясында менің білуімше, 400 миллион АҚШ долларына жуық қаржыға екіжақты бизнес құжаттарға қол қойылады», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Елбасы жалпы жасалған меморандумдар мен келісімдер 1 млрд. 200 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны құрайтынын жеткізді. «Бұл өтіп жатқан сапар аясындағы келіссөздердің нақты нәтижесі деп есептеу керек», деді Н.Назарбаев.

«Сондықтан Абдолла Гүлдің Қазақстанға сапары екі елдің ынтымақтастығы мен бірлігін одан әрі жоғарылатады, сенімді ұлғайтады», деп атап көрсетті Президент.

Соңғы жаңалықтар