Қазақстан Үкіметінің делегациясы ТМД Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысына қатысады

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның үкіметтік делегациясы Мәскеудегі ТМД Экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.

Қазақстан Үкіметінің делегациясы ТМД Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысына қатысады

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«15 наурызда Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысы өтеді. Қазақстанның үкіметтік делегациясының қатысуымен өтетін отырыс барысында 2020 жылға дейінгі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Инновациялық ынтымақтастығы мемлекетаралық бағдарламасының іске асырылуы барысы туралы мәселелер талқыға салынады», - деді ресми өкіл.