Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің сыртқы саяси аренада өзара тығыз әрекеттестікте болуын қолдайды - Н.Назарбаев

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің сыртқы саяси аренада өзара тығыз әрекеттестікте болуын әрі әскери және әскери-техникалық қарым-қатынасты нығайтуын қолдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

Қазақстан ҰҚШҰ елдерінің сыртқы саяси аренада өзара тығыз әрекеттестікте болуын қолдайды - Н.Назарбаев

«Біз бұдан кейін де одақтастарымызға әлсін-әлі гуманитарлық көмек көрсете отырып, ҰҚШҰ аясында өз міндеттерімізді орындауды жалғастыра беретін боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ елдерінің сыртқы саяси аренада өзара тығыз әрекеттестікте болуын әрі әскери және әскери-техникалық қарым-қатынасты нығайтуын, табиғи, техногендік, төтенше жағдайларға қарсы әрекетте ұжымдаса шара қолдануды, сондай-ақ есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға, ақпараттық саладағы бұзушылықтарға қарсы күресте бірлескен операциялар өткізуді қолдайтынын мәлімдеді.