Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алды
Фото: ҚР ҰОК

Комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ресми хат Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) тарапынан жіберілді. Бұл – елдің төртжылдықтың басты қысқы спорттық жарысына қатысуын растайтын дәстүрлі рәсім.

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің атлеттер жалпы сегіз медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және төрт қола.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Ендігі қысқы Олимпиада Италияның 2 қаласында өтетінін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар