Қазақстан - Ұлттық инженерлік қауымдастығының Еуропалық федерация мүшесі

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Ұлттық инженерлік қауымдастығының Еуропалық федерациясының үлестес мүшесіне айналды, деп хабарлады ҚазҰУ баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл туралы шешім Македонияның астанасы Скопье қаласында өткен FEANI Бас Ассамблеясының сессиясында қабылданды. Бұл қазақстандық білім беруді халықаралық дәрежеде танытудағы тағы бір қадам.

KazSEE сияқты республикалық қоғамдық-кәсіби ұйымның Ұлттық инженерлік қауымдастығының Еуропалық федерациясына қабылдануы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамының президенті, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың сөзіне қарағанда, енді инжиниринг және технология саласының мамандары өздерінің біліктіліктерін нақтылап және еуропалық сертификат алып қана қоймай, Еуропа инженерлерінің тізіміне қосылуға мүмкіндік алады.

FEANI инженерлік ұйымдары дүниежүзілік федерациясының мүшесі болып табылады, ресми түрде еуропалық инженерлік білім беру саласында сарапшы ретінде мойындалған және ЮНЕСКО, ЮНИДО және Еуропа Кеңесінде кеңесші мәртебесіне ие.

Соңғы жаңалықтар