Қазақстан улы заттар контрабандасы үшін іздеу салынған Түркіменстан азаматын экстрадициялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Интерпол ұлттық орталық бюросының ықпал етуімен халықаралық іздеу жарияланған 1950 жылы туған Түрікменстан азаматы Тлебов Сәрсенғали Түрікменстанға экстрадицияланды.
Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған азамат Түрікменстан Интерпол ұлттық орталық бюросымен Түрікменстан мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткені, улы және зиянды заттардың контрабандасы үшін іздеуде жүрген болатын.
С.Тлебов Алматы облысының аумағында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталды.