Қазақстан Үндістанға «Абай» теңіз мұнай блогын әзірлеуге қатысуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үндістанға «Абай» теңіз мұнай блогы әзірлемесімен айналысуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан мен үндістанның үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысының хаттамасына қол қою барысында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
None
None

"Үндістан мен Қазақстан арасындағы ҮАК 11-ші отырысы өтті. Аталмыш комиссияның нәтижесі бойынша бірқатар келісімдер қабылданды. Атап айтқанда, үндістандық тарап Каспий теңізінде орналасқан «Абай» мұнай блогына кіру ұсынысымызды қарайтын болады."

Тиісті ұсынысты «Қазмұнайгаз» АҚ атынан қазақтандық тарап жасады. Сонымен бірге бүгінде «Сәтпаев» жобасы бойынша «Қазмұнайгаз» АҚ мен үндістандық ONGS Videsh компаниясы арасындағы бірлескен жұмыс ойдағыдай жүргізілуде. Біз 2015 жылы осы блокта ұңғыма бұрғылауды бастауды ойға алудамыз», - деді М. Мырзағалиев.

Оның айтуынша, тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру туралы уағдаласты.

"Біздің тауар айналым 670 млн. АҚШ долларын құрағанына қарамастан, бұл біздің мүмкіндігімізді және ынтымақтастық әлеуетін шектемейді. Сондықтан да біз оны арттыруды уағдаластық", - деп түйіндеді ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум