Қазақстан ҰОС ардагерлеріне берілетін төлем бойынша көш бастап тұр
АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекет Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқан азаматтарды материалдық тұрғыда қолдау дәстүрін жалғастырып келеді.
Биыл 32,9 мыңға жуық адамға (оның ішінде тыл еңбеккерлеріне, қаза тапқандардың жесірлеріне, жаралану, мертігу салдарынан мүгедектік алған адамдарға және т.б.) біржолғы төлемге 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бүгінде Қазақстанда 57 ҰОС ардагері тұрады, оларға ерекше көңіл бөлініп келеді. Әрқайсысына, тұрғылықты өңіріне қарамастан, 5 млн теңгеден төленді.
Ардагерлерді материалдық қолдау деңгейі бойынша Қазақстан басқа елдердің көрсеткішінен едәуір асатын төлемдерді белгілей отырып, жетекші орындардың бірін алып отыр.
2026 жылы республикада майдангерлерге біржолғы көмек 5 млн теңгеге жетті. Ал Өзбекстанда осындай төлем 30 млн сум (шамамен 1,1 млн теңге), ал Беларусьте – 5 мың Беларусь рублімен (шамамен 715-825 мың теңге) болды. Ресей Федерациясында 10 мың рубль (шамамен 61 мың теңге). Елде федералды төлемнен басқа, аймақтық жәрдемақылар қарастырылған (мысалы, Мәскеу мен Мәскеу облысында – 70 мың рубльге дейін (шамамен 430 мың теңге). Бірақ бұл қосымша төлемдерді ескере отырып, көмектің жалпы көлемі қазақстандық көрсеткіштен бірнеше есе төмен болып қалады.
Бұл қазақстандық ардагерлердің айрықша мәртебесін растайды және оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүйелі сипатын көрсетеді.
Қаржылай қолдаудан басқа, мерекеде дәстүрлі түрде әр ардагерге жеке көңіл бөлініп, құрмет көрсетіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, мемлекет адалдық пен батылдықтың шынайы үлгісін көрсеткен батырлардың есімін құрметтейді.
Ардагерлерге қамқорлық жасау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс орталық және жергілікті деңгейде кешенді түрде жүзеге асырылып келеді.