Қазақстан үстел теннисінен Алматыдағы турнирде тағы екі медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнирінде тағы екі медаль жеңіп алды.
Дулат Ералхан U13 жас санатының финалына дейін жетіп, өзбекстандық Амир Шириевке жол берді. Осылайша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ осы жас санатында Олег Яковлев қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алған еді.