Қазақстан Вашингтонда АҚШ-тың іскерлік қоғамдастықтың қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырды

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Вашингтонда ҚР АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов АҚШ-тың ірі компаниялары ұсынған «Жаһандық іскер форум» атты америкалық іскер қауымдастық мүшелерімен кездесу өткізді.
None
None

Олардың ішінде - бүкіл әлемге танымал Chevron, ConocoPhillips, GlaxoSmithKline, FedEx Express, Halliburton және басқа да ірі компаниялар бар, деп хабарлады ҚР-дың АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Американдық қатысушылар Қазақстанның инвестициялық іскерлік ахуалы мен ҚР және АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық болашағына аса мүдделік танытып отыр.

Өз кезегінде, американдық компаниялар ҚР Үкіметінің қолға алып жатқан шетел инвестицияларын қорғау және тарту шараларына, сонымен қатар Қазақстанның салықтық-бюджеттік және әлеуметтік саясатына жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар