Қазақстан ядролық қаруларды таратпау режимін нығайтуды жақтайды және МАГАТЭ қызметін қолдайды

ВЕНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Қазақстан ядролық қаруларды таратпау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды және МАГАТЭ-нің атом энергиясын бейбіт пайдалануға және халықаралық қауіпсіздіктің деңгейін арттыруға бағытталған қызметін қолдайды.
None
None

Бұл туралы Вена қаласында 19-23 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Бас конференциясының 55-сессиясында 20 қыркүйекте, сейсенбі күні сөйлеген сөзінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялвр вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

Өз сөзінде қазақстандық делегация басшысы біздің еліміздің қарусыздану, атом энергиясын бейбіт пайдалану, тиісті технологиялар мен ғылымды дамыту саласындағы халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті.

Б.Жақсалиев атап көрсеткендей, Қазақстан бұл салада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1540-қарарының барлық қағидаларын орындап келеді, МАГАТЭ-мен белсенді өзара іс-қимыл жасауда және Ядролық қаруларды таратпау туралы шартқа қатысуда. Нақты ғылыми-зерттеу және технологиялық жобаларды жүзеге асыру ауқымында ҚР АҚШ-пен және Ресеймен атом энергетикасы саласында бірлескен жұмыстарды жолға қойды және ынтымақтастықты дамытуда.

«Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарулардан азат аймақ құруда маңызды рөл атқарды. Бұл үлгі және тәжірибе әлемнің басқа аймақтарында да пайдалы болатынына сенімдімін. Осыған байланысты біз Таяу Шығыста ядросыз аймақ құруды қолдаймыз», - деп атап көрсетті вице-министр.

Бұл тұрғыда ол сондай-ақ МАГАТЭ Бас конференциясы қатысушы-елдері өкілдерінің назарын ядролық қаруларды таратпау саласындағы ҚР-ның бірқатар маңызды бастамаларына аударды. Солардың бірі - ағымдағы жылғы қазан айында Астана, Семей және Курчатов қалаларында «Ядросыз әлем үшін» ірі халықаралық форумын өткізу болмақ.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі Бас конференциясы 55-сессиясының жұмысына МАГАТЭ құрамындағы 151 елден үш мыңнан астам мемлекеттік ведомстволардың, ғылыми және сараптамалық топтардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

МАГАТЭ Бас конференцясының 55-сессиясының жұмысына қазақстандық делегация құрамында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы Тимур Жантикин және Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы біздің еліміздің тұрақты өкілі, Австриядағы ҚР елшісі Қайрат Әбдірахманов қатысуда.

Шараға қатысу ауқымында қазақстандық делегация бірқатар маңызды екіжақты кездесулер өткізді, соның ішінде МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Александр Бычковпен, Құрама Штаттар энергетика министрі көмекшісінің орынбасары Эдвард Макгинниспен, Жапония мен Үндістанның атом энергиясы жөніндегі комиссияларының төрағалары Шунсуке Кондомен және Шрикумар Банерджимен кездесті.

Соңғы жаңалықтар