Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан ядролық қатермен күресте табанды қадамдар жасауға шақырады - Қ.Саудабаев

-ЙОРК.  Қыркүйектің  25-і.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Нью-Йоркте  БҰҰ  штаб-пәтерінде     Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісімшарттың күшіне   енуіне   қолдау көрсету  жөніндегі алтыншы конференция  өтті.

Қазақстан   ядролық қатермен  күресте   табанды   қадамдар     жасауға     шақырады -   Қ.Саудабаев

Оған  қатысқан Қазақстанның   Мемлекеттік  хатшысы   мәлімдеме  жасады.

 Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісімшарт 1996 жылы      жасалып,  1997 жылдан бастап    қол қоюға  ашық   болған.      Ағымдағы жылдың     қыркүйек айындағы жағдай  бойынша  ол құжатты оған   қол қойған 181  мемлекеттің 150-і ратификациялаған.   Келісімшарт күшіне енуі  үшін   оны  ядролық әлеуетке  ие 44      ел бекітуі керек.      Тоғыз  ел -  Қытай,   Мысыр,   Солтүстік Корея, Индонезия, Иран,    Израиль,  Пәкістан және    АҚШ     әзірге оны бекітуден   қалыс  қалып отыр.

 БҰҰ  Бас хатшысы Пан Ги Мун  конференцияға қатысушыларға  арнаған сөзінде,    Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісімшарттың      ядролық қарудан    таза әлемнің іргесін  қалап  отырғанын мәлім етті  және   барлық мемлекеттерді  оған қол қоюға  шақырды.   Ол   сондай-ақ   БҰҰ   штаб-пәтерінде «Ядролық қаруға жол жоқ»  деген  атаумен өтіп жатқан   қазақстан-жапон көрмесіне        назар  аударды.    Экспозиция   Хиросима мен Нагасакиді ядролық  бомбылау  мен     Семей полигонындағы ядролық сынақтардың  ауыр  салдарына арналған.

 Қазақстанның Мемлекеттік  хатшысы - Сыртқы  істер министрі  Қанат Саудабаев   өз мәлімдемесінде,      осынау  үдеріске   жаңаша серпін беру  туралы АҚШ президенті Барак Обаманың    талпынысына  Қазақстанның   жігерленіп отырғанын  жеткізді. Әлемдегі   ірі  ядролық  полигонын    жапқан  және     әлемдегі  төртінші зымыран-ядролық арсеналынан  бас тартқан ел ретінде, Қазақстан    ядролық  қатерді   азайту  жөніндегі   табанды   шаралар  қабылдаудың  қажеттілігі  туралы  айтуға құқылы.

 Біздің    республика Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісімшарттың    дайындық  комиссиясымен   белсенді  ынтымақтасып отыр.   Қазақстанда   мониторингтің заманауи ұлттық жүйелерінің бірі  жұмыс істейді.     Халықаралық   жүйеге  қосылған  5 стансы,  солтүстіккорейлік   ядролық   жарылыстарды  жедел  анықтаудағы өз тиімділіктерін    көрсетіп  отыр.  «Қазақстан, Корея Халық  Демократиялық  Республикасының     ағымдағы жылы мамырдың 25-інде   жасаған     ядролық сынағын     үзілді-кесілді  айыптай келе,    Солтүстік  Кореяны   ядролық қарусызданудағы біздің  оң  тәжірибемізге  және   халықаралық қоғамдастықпен  ынтымақтаса  отырып,  бейбіт даму  жолымызға    назар  аударуға   шақырады»,  деп  мәлім етті Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

Мемлекеттік    хатшы тамыздың 29-ын -  Ядролық қарудан     азат   әлемнің   дүниежүзілік күні  деп жариялау   туралы Қазақстанның бастамасы  туралы да айтып  өтті.   Қанат  Саудабаев бұл күннің     символикалық  маңызына да  тоқталды, себебі   1949 жылы     дәл осы  күні Семей полигонында  алғашқы сынақ   жүргізіліп,  1991 жылы    дәл осы күні     полигон    жабылған   болатын.

Министр сондай-ақ  Қазақстанның Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  келісімшартты    күшіне  енгізу  мәселелері  бойынша  қол қоюшы басқа елдермен  ынтымақтастыққа     әзір екенін   жеткізді.