Қазақстан - ядролық сынаққа тыйым салу қозғалысының көшбасшысы - ҚХР-дағы ҚР елшісі

Қазақстандық дипломат кіріспе сөзінде жиналған қауымға ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласындағы Қазақстанның бірінші болып бастамашылық еткен кезеңдерін айтып берді.
«1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті өз Жарлығымен Семей полигонын жапқаны жайлы мәлімдеді. Халықаралық практикада мұндай халықтың өз еркімен ядролық сынақ полигонын жабуы алғаш рет орын алды. Бұдан басқа, республикамыз әлемдегі қуаттылығы жағынан төртінші - ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты, бұл ғаламдық ядролық қарусыздануда маңызды қадамға айналды», - деп атап өтті ол.
Н. Ермекбаев Қазақстанның негізгі ядроға қарсы бастамаларына тоқталды, оның ішінде 2009 жылғы желтоқсандағы БҰҰ-ның 29 тамызды халықаралық ядролық сынаққа қарсы әрекет күні етіп жариялау шешімі бар.
«Қазақстандық елші еліміздің бірқатар бастамаға қозғау салғанын еске салды, атап айтқанда Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, қазірде Таяу Шығысты қоса алғанда, әлемнің басқа өңірлерінде де мұндай аймақтар құруға күш салуда», - деп қосты ол.
ҚХР-дағы ҚР елшісі Мемлекет басшысының халықаралық бастамасы - «АТОМ» жобасына жеке тоқталды. Бұдан кейін Бейжіңдегі қазақстандық дипломаттар Семей ядролық полигоны құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шара аясында Бейжіңдегі Қазақстан елшілігі фотокөрме ұйымдастырды.