18:31, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстан және Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығына орай құттықтаулармен алмасты
ТАШКЕНТ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан және Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 20 жылдығына орай құттықтауларымен алмасты, деп хабарлайды ӨР басшысының баспасөз қызметінен.
ҚР СІМ-нің ресми сайтының мәліметтерінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 қарашасында орнатылды. Екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасы 114 құжаттан тұрады, оның ішінде Мәңгілік достық туралы келісім басты құжат болып табылады.
2011 жылғы тауар айналымы 1,95 млрд. АҚШ долларын (экспорт - 1,179 млрд., импорт - 770 млн.) құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға өсті.
Өзбекстанда қазақстандық инвестициялардың қатысуымен жұмыс істейтін 173 кәсіпорын бар, соның ішінде 48-і - бірлескен кәсіпорындар. Олар сауда, құрылыс, азық-түлік, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу сияқты салаларда қызмет атқаруда.