Қазақстан-Жапон орталығы сапа мәселесіне үлкен көңіл бөледі - Эйторо Митома
АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір "сапа" түсінігімен байланыссыз сала жоқ. Ол адамның күнделікті өмірінде экономика, әлеуметтану, саясат және экологиямен тығыз байланыста.
Бұл бүгін «Сапа және дағдарыс: мүмкіндіктер» деген атпен өтіп жатқан сапа бойынша 4-ші Алматы халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы сапа жөніндегі Алматы халықаралық форумымен өз ынтымақтастығын 1-ші мәжілісті өткізуден бастады. Оған жетекші жапон компанияларындағы сапаны бақылау саласындағы біздің сарапшыларымыз қатысты. Бұл жолы біз "Global Development Management Consultants" Inc. компаниясының бас директоры Такефуми Готоны таныстырамыз", деді Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының бас директоры, Эйтаро Митома өз сөзінде. Оның айтуынша, бұл орталық өз қызметінде сапа мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Өндірістік және өндірістік емес компаниялар және бизнес-қызмет жеткізушілер үшін сапаны басқару мен сапа менеджменті бойынша түрлі тренингтер мен семинарлар өткізеді.