Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатын екі алтынмен аяқтады

АСТАНА.KAZINFORM - Иорданияның Амман қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірімдер арасындағы бәсеке аяқталды.

у
Фото: Дзюдо федерациясы

Екі күнге созылған жарыста Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды.

Дзюдо федерациясы мәліметінше, осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Ернат Кеңесбек (-55 кг) – алтын

Сара Ғабитова (-70 кг) – алтын

Бекзат Болатбек (-66 кг) – күміс

Нұралы Мәулетхан (-73 кг) – күміс

Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг) – күміс

Ердәулет Жұмабай (+90 кг) – күміс

Аружан Сәрсенова (-57 кг) – күміс

Айша Алтай (-70 кг) – күміс

Наргиз Ғабдулманап (+70 кг) – күміс

Бақдәулет Серікқали (-50 кг) – қола

Рауан Ғазизов (-55 кг) – қола

Ұлан Аманкелді (-73 кг) – қола

Кәусар Жандарбай (-40 кг) – қола

Інжу Сахабадин (-44 кг) – қола

Рамиля Серікболат (-52 кг) – қола

Айта кетейік, Қазақстан таеквондодан әлем кубогында екінші жүлдесін жеңіп алды.