Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан таеквондодан әлем кубогында екінші жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы таеквондодан Чхунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен командалық әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды.

ы
Фото: ҚР ҰОК

Аралас командалық сайыста қола жүлде үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша қола жүлдегер атанды.

ҚР ҰОК мәліметінше, команда сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов, Батырхан Кусетов сынға түсті.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді.

Күрестен Будапешттегі рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына қос медаль түсті.

Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.