Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.
Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.
ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды.
Турнир 23 қаңтарда аяқталады.
Айта кетейік, Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды.
Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізеді.
Ыстанбұлда каратэден өтетін Премьер-лига бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.