Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирді сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өтіп жатқан «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирді сәтті бастады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Отандастарымыз Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия ұжымдарымен шеберлік байқасады.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойында БАӘ құрамасын 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Ел құрамасынан Әбіш Мұхаммедәли екі гол соқса, Исмаил Бекболат, Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик бір-бір голдың авторы атанды.

Бұл топта словениялық футболшылар Шотландияны 3:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ аталған турнирге Әзербайжан, Польша, Фарер аралдары және Словения құрамалары ойын көрсетеді.

Оқу-жаттығу жиыны 30 тамызда Алматыдағы «Қайрат» академиясының базасында басталды. Команданың аға бапкері Кирилл Кекер шақыртылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);

Жартылай қорғаушылар: Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Мұхамедәли Әбіш (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»);

Шабуылшылар: Карим Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»).

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Астанада өтетін Қазақстан және Уэльс құрамалары кездесуіне қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар