Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядағы турнирде Исландиядан жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словенияда өткен «Slovenia Nations Cup-2025» халықаралық турнирінде үшінші кездесуде Исландияға жол берді.

Отандастарымыз Біріккен Араб әмірлігі (БАӘ), Шотландия және Исландия ұжымдарымен шеберлік байқасты. Бүгінгі ойында олар Исландияға 1:4 есебімен жол беріп қойды.
Алғашқы екі кездесуінде қазақстандық футболшылар Біріккен Араб әмірлігін 5:1, одан кейін Шотландияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Құраманың аға бапкері Кирилл Кекер аталған турнирде төмендегі ойыншыларға сенім артты.
Қақпашылар: Шерхан Қалмырза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кеңесбеков (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Дарын Оспанов («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»);
Жартылай қорғаушылар: Әкежан Қалиқұлов, Евгений Петрик, Мұхамедәли Әбіш (бәрі – «Қайрат»), Әли Ақылбаев («Шахтер»);
Шабуылшылар: Карим Махаметжан, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Арсен Ахметов («Астана»), Бақдәулет Нұралы («Ордабасы»).