Қазақстан жыл соңына дейін Қытаймен шекарааралық QR төлемдерін іске қоспақ

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit саммитінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов Қазақстан 11 елмен шекарааралық төлемдерді іске қосуға дайындалып жатқанын айтты.

Қазақстан жыл соңына дейін Қытаймен шекарааралық QR төлемдерін іске қоспақ
Фото: Kazinform/ЖИ

2026 жылдың соңына дейін Қытай мен Қазақстан арасында төлем жасайтын QR-код іске қосылады.

Оның айтуынша, бірқатар салада практикалық келісімдерге қол қойылған.

— Қазір шекарааралық төлемдерді дамытатын 11 ел бар. Оларға Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдер кіреді. Біз жыл соңына дейін мұндай төлем жүйесі Қытаймен жұмыс істей бастайды деп үміттенеміз. Қалған елдер келесі жылдың ортасына жоспарланған, — деді Бинұр Жәленов.

Осылайша қазақстандықтар банк қосымшасы мен QR-кодын пайдаланып, төлем жасай алады.

— Қытайда жүріп те, QR-кодты сканерлеп, төлем жасай аласыз. Дәл солай шетелдіктерде бізде солай төлем жасайды, — деді Ұлттық банк өкілі.

Ал комиссияны банктердің өзі бекітеді.

Еске салайық, бірыңғай QR жүйесі Қазақстандағы төлем нарығының төрттен бір бөлігін алатынын жаздық.