17:29, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстан жоғары әлеуетті бітімгерлік батальонын құрды - Д. Шир
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бітімгерлік саладағы АҚШ пен Қазақстан ынтымақтастығы Астанада АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісі Дэвид Ширдің қатысуымен өткен қазақстандық-америкалық келіссөздер тақырыптарының бірі болды.

Пентагон өкілі «ҚазАқпарат» ХАА-ға жұма Алматы қаласы әскери полигондарының біріне баруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Онда ҚР Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік батальонымен таныспақ. Дэвид Шир бітімгерлік операциялардағы қазақстандық әскерилердің әлеуетіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, Д. Шир АҚШ пен Қазақстан арасында әскери салада ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.