Қазақстанда 10,5 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 10,5 мыңнан астам ресейлік компаниялар тіркелген. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Удмурт Республикасының (Ресей Федерациясы) бизнес-миссиясы барысында РФ Сайда өкілі Александр Яковлев айтты.

Қазақстанда 10,5 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген

«Бүгінде Қазақстан нарығында біздің барлық дерлік ірі компанияларымыз қызмет етуде, олар шамамен жиырма шақты болады. Сондай-ақ, Ресейдің ең ірі банктері де жұмыс жасап жатыр. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, Қазақстанда ресейлік компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларына 14 жоба іске асырылған. Бүгінде Ресей компаниялары 50-ден астам инвестициялық жобаларға қатысып отыр», - деп атап өтті ол. Сауда өкілінің айтуынша, қазіргі кезде ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының облыстары арасында 300-ге жуық келісімдерге қол қойылған. «Соңғы жылдарда Свердлов, Орынбор, Челябі облыстары, Башқұртстан мен Татарстан Республикалары екіжақты тауар айналымының үлкен көлемдеріне қол жеткізді, олардың Қазақстан өңірлерімен сауда айналымы 1 млрд. АҚШ долларынан асты. Ресейдің 3 өңірінде Қазақстандағы өкілдіктері бар, олар: Татарстан, Башқұртстан және Дағыстан», - деді А. Яковлев. Маманның айтуынша, жылдан жылға Қазақстан нарығында ресей компанияларының саны артып келеді. «Бүгінде Қазақстан нарығында шетел капиталымен 33 мыңдай бірлескен кәсіпорындар қызмет етуде. Бұлардың ішінде Ресей компаниялары 10 700-ге жетті. Егер 2011 жылы Ресей капиталымен бірлескен 750 кәсіпорын құрылса, 2012 жылы - 832, 2013 жылы 1 100-ден астам кәсіпорын Қазақстан нарығында қанат жайған. Ал осы жылдың 8 айында 300 кәсіпорын құрылды. Бұл Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға және КО мен ЕАЭС аясындағы жемісті интеграциялық процестерге тікелей байланысты деп ойлаймын», - деп атап өтті А.Яковлев.