13:06, 07 Наурыз 2024 | GMT +5
Қазақстанда 10 млн әйел бар, оның 63 пайызы қалада тұрады
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі нәзік жандардың саны — 10 млн 260 мың 057. Ұлттық статбюро 8 наурызға орай арулар жайлы статистика әзірледі.

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% — қалада, 36,3% — ауылды жерлерде тұрады.
Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында — 1 196 450, Түркістан — 1 049 866 және Алматы — 766 092 облыстарында тұрады.
Жас құрамы бойынша:
- 18 жасқа дейінгі қыздардың саны — 3,3 млн.
- 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны — 5,3 млн.
- 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.